Amnesty International Израильді Газа секторында геноцид жасады деп айыптады

АСТАНА. KAZINFORM – Amnesty International құқық қорғау ұйымы бейсенбі күні жарияланған баяндамада Израильді ХАМАС-пен соғыс кезінде Газа секторында геноцид жасады деп айыптады. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлады.

Amnesty International обвиняет Израиль в совершении геноцида в секторе Газа
Фото: x.com/UNRWA

Құқық қорғау ұйымының 296 беттен тұратын баяндамасы «Израильдің Газа секторындағы палестиналықтарға қарсы геноциді» деп аталады. Онда Израильдің қазіргі әрекетін палестиналық Хамас тобының 2023 жылдың 7 қазанында жасаған шабуылымен ақтауға болмайтыны жазылған.

Amnesty International АҚШ пен Израильдің басқа одақтастарының геноцидке қатысы болуы мүмкін екенін айтып, оларды қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды.

- Біздің тұжырымдар халықаралық қоғамдастықты оятып, бұның геноцид екендігін дәлелдеу қажет. Сондықтан оны дереу тоқтату керек, - деді Amnesty International басшысы Аньес Калламар.

Израиль геноцид туралы айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды.

- Amnesty International ұйымы тағы да жалған есеп берді. Өткен жылдың 7 қазанында геноцидтік қырғынды Хамас лаңкестік ұйымы біздің азаматтарға қарсы жасады. Содан бері Израиль халқын күн сайын жеті түрлі майдан шебінен шабуыл жасалады. Израиль халықаралық құқыққа сәйкес бұл шабуылдардан өзін қорғайды, - деп хабарлады елдің Сыртқы істер министрлігінен.

Осыған дейін Израильдің бұрынғы министрі Газадағы қылмыстарға өз елін айыптағаны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар