Әмір Омарханов Кореядағы турнирдің чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисшілер Ванджу (Оңтүстік Корея) қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J300 турнирінде табысты өнер көрсетті.

Әмір Омарханов Кореядағы турнирдің чемпионы атанды
Фото: ҚТФ

Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Әмір Омарханов пен кореялық Хойонг Рох үздік шықты.

Қазақстандық-кореялық жұп финалда корт иелері Йенсу Джейонг - Джангжун Кимді айқын басымдылықпен ұтты - 6:2, 6:2.

Қыздар арасында Мәлика Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жұптық сында финалға дейін жетті. Олар соңғы, тартысты бәсекеде кореялықтар Йесунг Чо - Су Джонгқа есе жіберді - 6:1, 5:7, 8:10. 

undefined
undefined

Жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш басында тұрған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, кореялық Хойонг Рохқа жол берді - 4:6, 1:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Кореядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар