Әмір Темірдің Ұлытаудан табылған 11 тонналық таңбалы тасы Эрмитаж мұражайында сақтаулы тұр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Санкт-Петербургтегі әлемге әйгілі Эрмитаж мұражайында Әмір Темір дәуірінен қалған салмағы 11,2 тонналық таңбалы тас сақтаулы тұр. Бұл ескерткіш 1937 жылы Орталық Қазақстанның Ұлытау өңірінен табылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ӨзА-ға сілтеме жасап.

таңбатас
Фото: uza.uz

Жазбада Сайыпқыранның Дешті Қыпшаққа жасаған жорығы туралы жазба бар. Онда Темірдің 1391 жылы 200 000 сарбазымен Тоқтамыс ханға жасаған жорығы еске алынады.

- Қайырымды, мейірімді Алланың атымен бастаймын! Өмірді және өлімді беруші де данамыз! Тарихтың жеті жүз тоқсан бірінші қой жылы, жаздың ара (шілде) айы Тұранның сұлтаны Темір бек екі жүз мың әскермен Алтын Орданың ханы Тоқтамысқа қарсы соғыспаққа жүрді. Бұл жерден өтіп бара жатып белгі болсын деп қорған тұрғызып, жазу қалдырды. Тәңірім нәсіп берсін! Тәңірім ел адамдарына рақым қылсын! Олар бізге дұға арнап, еске алсын! Әмин! Тұранның сұлтаны Темір бек, - делінген мәтінде.

таңбатас
Фото: uza.uz

Ескерткіш Әмір Темір әскерлерінің құдіретін, оның тарихи миссиясын және ислам құндылықтарына адалдығын көрсетеді. Тарихи деректерге сүйенсек, Әмір Темір әскерін Ұлытаудың «Алтын шоқысының» баурайында демалып, осы жорықты еске алу үшін арнайы ескерткіш тұрғызуды ұйғарады. Жауынгерлер тастарды жинап, шеберлер оған жазу жазған.

Эрмитаж мұражайында осы таңбалы таспен қатар темуридтер дәуірінің басқа да бірегей бұйымдары сақталған. Олардың ішінде Әмір Темірдің ұлы Мираншахтың аты жазылған хризолиттен жасалған мөр, Гавхаршад Бегімге тиесілі нефрит сақина және басқа да көптеген тарихи жәдігерлер бар.

Еске сала кетейік, олигархтардан тәркіленген артефактілер Ұлттық музейге берілмек.

 

Соңғы жаңалықтар