Амстердам әуежайын жармақ болған адам ресейлік азамат екен

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 13 ақпан күні Амстердам қаласындағы Схипхол әуежайында орын алған оқиғаның кейбір жайлары анық болды, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

Амстердам әуежайын жармақ болған адам ресейлік азамат екен

Әуежайды жаруға сөз берген ер адам Ресей азаматы болып шықты, деп хабарлайды Dutchnews, полиция өтінішіне сілтеме жасап.

Ұсталған азамат Ресейдің 40 жастағы тұрғыны екен. Өзімен бірге құжаттары болмаған соң, оның есімі әлі анықталған жоқ. Ер адамның ағылшын, голланд тілдерінде сөйлемейтіні атап өтіледі. Осы әрекетті жасауға түрткі болған себептерді анықтау мүмкін емес болып отыр.

Нидерландыдағы Ресей Елшілігі әзірше бұл ақпаратты растамай жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен дүйсенбіде әуежайдың миналанғаны туралы хабарлаған белгісіз ер азамат дәретхананы іштен бекітіп алды. Қаскүнемді ұстау операциясы бірнеше сағатқа созылды. Схипхол көшірілді, бірнеше рейстер тоқтатылып немесе жүрмей қалды.