Амстердамда екі пойыздың соқтығысуынан 120-дан астам адам зардап шекті
АСТАНА 24 сәуiр. ҚазАқпарат - Амстердамдағы екі пойыздың соқтығысуы салдарынан кем дегенде 125 адам жарақат алды.
Euronews сайтының мәлімдеуінше, 13 жаралы өте ауыр халде жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Апат сенбі күні кешкісін қалаға тақау жердегі Слотердайк стансасының маңындағы көпірде болған. Халықаралық қатынастағы жүрдек экспресс пойызы электрпойызымен бетпе бет соқтығысқан. Құрама вагондары рельстен шыққан жоқ.
Апатқа байланысты Амстердамның батысына қатынайтын темір жол желісіндегі барлық пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Салдарында Нидерландтардың басты әуежайы «Схипхолмен» байланыс үзіліп қалды. Оқиға орнында зардап шеккендерге көмек көрсетіп, құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде. Апаттың себебі әзірге белгісіз күйінде қалуда.