Амстердамдағы халықаралық әуежайда Boeing ұшағы апатында қаза тапқандарға арналған ескерткіш ашылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Амстердамдағы халықаралық әуежайда малайзиялық Boeing ұшағы апатында қаза тапқандарға арналған ескерткіш ашылмақ. Бұл туралы жұма күні әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Амстердамдағы халықаралық әуежайда Boeing ұшағы апатында қаза тапқандарға арналған ескерткіш ашылмақ

«Қазіргі уақытта мемориалға байланысты мәселелерді ойластырудамыз,-деді әуежай өкілі. - Ескерткіш міндетті түрде болады. Тек әзірге оның қай жерде орнатылатындығы, қандай болатындығы шешілмей отыр».

Айта кетер жайт, әуежайдың үшінші терминалы ұшақ апатында мерт болғандардың ескерткішіне айналғандай. Мұнда мыңдаған адам қаза тапқандарды еске алу үшін күн сайын гүлдер, ойыншықтар әкелуде.