Амур жолбарысын Қазақстан табиғатына бейімдеу жоспары қабылданды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы зообағында амур жолбарысы күшіктеді
Фото: Алматы әкімдігі

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Құжат аймақта баламасы жоқ — Орталық Азияда жолбарысты қайта қалпына келтіру жобасы бойынша уағдаластықтарды бекітеді, — деп түсіндірді ведомство.

Келісімге екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері — Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды.

Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресей «Союз-5» және «Бәйтерек» зымыран кешендерінің ұшу сынақтарын өткізу жөніндегі комиссия құруға уағдаласты.

Сондай-ақ,екі ел арасындағы ерекше экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Жалпы Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары барысында 13 келісім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар