14:39, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
АН-2 ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Жалалабад облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қырғызстан ТЖМ-ы хабарлап отыр, деп жазады Baq.kz.

Ұшақ бүгін, 24 мамыр күні, шамамен сағат 10:00 кезінде құлаған. Алдын ала таратылған мәліметке қарағанда, бортта үш адам болған. Олардың барлығы қаза тапқан.
Оқиға орнында ТЖМ, милиция және медицина мамандары жұмыс істеуде.