Ан-24 ұшағы қонар кезде апатқа ұшыраудың аз-ақ алдында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Ираэро" авиакомпаниясының Ан-24 ұшағының жексенбіде новосібірлік "Толмачево" әуежайына оқыс қонуына тура келді, деп хабарлады "Интерфаксқа" Батыс сібірлік көлік прокурорының аға көмекшісі Оксана Горбунова.
"Краснояр-Новосібір рейсімен шыққан Ан-24 ұшағы қонар кезде ұшу-қону жолағына соқтығысып, фюзеляждың артқы жағын зақымдап алды ", - деп мәлім етті ол.
Оқиға мәскеу уақыты бойынша сағат 09:21-де орын алды. Ұшақ бортында 28 жолаушы, бес экипаж мүшесі болған, ешкім зардап шеккен жоқ.