Ан-28 ұшағының жазу құралындағы мәлімет жұмаға дейін белгілі болады - ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ авиациялық оқиғалар мен жайттарды тергеу бойынша басқарма басшысының міндетін атқарушы Жамбыл Исин 3 қазан күні әуе апатына ұшыраған Ан-28 ұшағына қатысты тергеу амалдары туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ан-28 ұшағының жазу құралындағы мәлімет жұмаға дейін белгілі болады - ИДМ

«Қазіргі уақытта комиссия құрылып, дала жұмыстары аяқталды. Зерттеу жүргізу үшін әуе кемесі ангарға жеткізілді. Борттың жазу құралы (қара жәшік - авт.) Мәскеудегі Мемлекетаралық авиациялық комитетіне жеткізілді. Борттың жазу құралына механикалық тұрғыдан тыс, термикалық ақаулар келтірілгендіктен, біз комиссияның нұсқауына сәйкес, оны Мемлекетаралық авиациялық комитетіне жолдадық. Осы аптаның сәрсенбі немесе жұмасына дейін жазу құралындағы ақпараттар оқылады», - дейді Жамбыл Исин.

Оның айтуынша, авиациялық апаттардың тергеу амалдарын жүргізу ережесіне сәйкес, тергеу жұмыстарына 1 ай уақыт беріледі. Егер қосымша зерттеу жұмыстары қажет болған жағдайда тергеу жұмыстары тағы 6 немесе 10 күнге созылмақ.

Еске сала кетсек, 3 қазан күні Алматыдан Шымкентке ұшқан Ан-28 санавиация ұшағы әуе апатына ұшырап, 5 адам қаза тапқан болатын.