«Ән сұңқары - Нұрағаң, жыр тұлпары - Тұмағаң»

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан» Ұлттық арнасында композитор Н. Тілендиев пен ақын Т. Молдағалиевті еске алу кеші көрсетіледі.
None
None

Нұрғиса Тілендиев - қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған өнер иесі. Ол 500-ден астам музыкалық туындылардың авторы.

Оның «Аққу», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Құстар қайтып барады», «Өз елім» сияқты әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.

Сазгердің бірқатар әндерінің сөзін ақын Тұманбай Молдағалиев жазды. Содан болар, халқы қос перзентін «ән сұңқары» мен «жыр тұлпары», деп бағалады.

Сазгердің «Құстар қайтып барады» әнінің сөзін де Тұманбай Молдағалиев жазған.

Бірде ақынға Н.Тілендиев «Сенің өлеңдеріңе алда талай ән жазамын. Бірақ та, дәл осындай ән қайта шықпайды. Мені ақтық сапарға осы әнді айтып, шығарып салыңдар», - деп аманат еткен екен.

«Отырар сазы» академиялық оркестрінің ән мен жыр дүлдүлдері композитор Н. Тілендиев пен ақын Т. Молдағалиевті еске алу кешін бүгін 19.30-да Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Соңғы жаңалықтар