«Ән жүрегім - Астана» гала-концертіне «КешYou» тобы келеді

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - «Ән жүрегім - Астана» жас орындаушылар арасындағы ән байқауына көптеген өнер жұлдыздары келмек. 
None
None

Олардың арасында Майра Дәулетбақова, Бақыт Шадаева, Рүстем Нұржігітов, Маржан Арапбаева,  Еркін Мәулен бар. Енді оларға «КешYou» тобы да қосылды. Бұл туралы «Бәйтерек» медиа-орталығы хабарлайды.

«КешYou» тобы  2006 жылдың 10 сәуірінде құрылды. Қыздар Кешьюге қатаң кастинг арқылы өткен. Сырт келбетінің тартымдылығымен қатар олар ән  шырқап, би билей алуы керек болатын. Музыка әлеміне батыл қадам басқан топ, поп-рок стильін таңдаған.

Соңғы жаңалықтар