«Ән жүрегім - Астана!» Қазақстанның 7 облысы үміткерлерінің басын қосады

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - «Ән жүрегім - Астана!» республикалық ән байқауына Астана, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Екібастұз, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 20-дан астам үміткер қатысады, деп хабарлайды Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының медиатобы.

«Ән жүрегім - Астана!» Қазақстанның 7 облысы үміткерлерінің басын қосады

«Ән жүрегім - Астана!» байқауының биылғы жылғы бір ерекшелігі қатысушылар арасында үш дуэт (екі дуэт егіздер) және бір трио бар.

«Ән жүрегім - Астана!» республикалық ән байқауының өткізіле бастағанына көп бола қоймаса да, оның қатысушылары кеңінен танымал, беделді жастардың Дельфий ойындары (қола), «Жас Канат» байқауларының дипломаттары мен лауреаттары, Мәскеудегі «Жаңа толқын», «Енувижн-2013» халықаралық байқауларының жартылай финалына шыққан жүйріктігімен қатар, олардың көпшілігі өздері өлең шығарып, ән жазатын ақындар мен музыканттар болып табылады.

Еске салайық, «Ән жүрегім - Астана!» байқауының басты мақсаты - Астананың имиджін көтеретін авторлық әндерді тауып, композиторлар мен ақындардың, жас орындаушылардың шығармашылығын насихаттау және жастар арасында танылмай жатқан таланттарды іздеп тауып, жарыққа шығару, вокалды, ақындық және композиторлық шығармашылық күштерді біріктіру.