Ана мен бала әрқашанда біздің назарымызда, мемлекеттің қамқорлығында - Елбасы

None
None
аурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ана мен бала әрқашанда мемлекеттің қамқорлығында болады.

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әйелдер күніне арналған кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ана мен бала әрқашанда біздің назарымызда, мемлекеттің қамқорлығында екенін білесіздер. Әйелдер мен балаларға әлеуметтік көмек мемлекеттің тарапынан жылдан-жылға өсіп келеді. Мемлекеттің экономикасы өркендеген сайын көмектің деңгейі де арта түседі», деп атап өтті Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы биылғы жылғы қаңтардың 1-інен бастап «Алтын алқа» енді 7 бала тәрбиелеген анаға, сондай-ақ «Күміс алқа» 6 баланы өсірген анаға берілетінін еске салып өтті.

«Өткен жылы баланың туылғанына төленетін біржолғы жәрдемақыны 350 мыңнан астам ана алды. Баланы күтудің 1 жылға дейінгі жәрдемақысы 140 мың отбасыға төленді. Бұл біздің ел үшін өте үлкен көрсеткіш», деді Президент.

Елбасы бұл мақсатқа барлығы 30 миллардқа тарта теңге бағытталғанын жеткізді. «Өткен жылы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға 8,5 млрд. теңгеден астам қаржы белгіленді. Әрине, бұл қаржыны дамуға, өнеркәсіпке, жұмыс орындарын құруға бағыттауға болар еді. Алайда ана мен бала қамқорлығын маңызды деп санаймыз», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар