«Ана мен бала» ұлттық ғылым орталығына жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - «Ана мен бала»  ұлттық ғылым орталығының басқарма төрайымы қызметіне Тамара Вощенкова тағайындалды, деп хабарлайды аталмыш орталықтың баспасөз қызметі.

«Ана мен бала» ұлттық ғылым орталығына жаңа басшы тағайындалды

Естеріңізге сала кетейік, Т.Вощенкова осыған дейін «Ұлттық медицина холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген болатын. Т.Вощенкова Шығыс Қазақстан облысында туылған. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «педиатрия» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Осы жылы Қарағанды қаласының № 2 бірлескен балалар аруханасында учаскелік педиатр қызметін атқарған. 1989 жылы осы аурухананың бөлімдерінің біріне меңгеруші болды. Одан кейінгі жылдары Қарағанды қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бас педиатры, «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының емдеу-сауықтыру жөніндегі орынбасары, Денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарған. «Шапағат» медалінің иегері.