Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Ашық есік күндері өтеді
АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - 10-10 наурыз күндері Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында бала көтермей жүрген отбасыларға арналған Ашық есік күндері өтеді, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.
«Белсіздік проблемасы тек медициналық емес, әлеуметтік және психологиялық мазмұндағы проблема болып табылады. Ай сайын біздің Орталыққа белсіздіктің түрлі проблемасына ұшыраған 1 мыңға жуық адам келеді», - делінген орталықтың хабарламасында.
Статистикалық деректерге сүйенсек, қазақстандық отбасылық жұптардың 14-18 пайызы баласыз екен. Астанада 1,5 мыңға жуық отбасына осындай белсіздік диагнозы қойылып отыр. Ал Қазақстан бойынша әрбір оныншы әйел жасанды жолмен бала көтеруді, ал әрбір 35-ші әйел - балалар үйінен бала асырап алуды ойланады екен.
«Біздің Орталық ашылғалы бері экстракорпоральды ұрықтандыру әдісімен 90-нан астам нәресте дүниеге келді. Мемлекет тарапынан бөлінген квота бойынша, 2010 жылы ЭКО бойынша 12 нәресте туылған», - делінген орталықтың баспасөз баянында.
10-11 наурыз күні кез-келген жұп орталыққа келіп, мамандардың кеңестерін тегін ала алады.