Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында бедеулік мәселесі бойынша сабақтар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 27 тамыздан бастап, ЭКҰ (экстракорпоралды ұрықтандыру) мектебі жұмыс істейді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

ЭКҰ мектебі - болашақ ата-аналар мен қосалқы репродуктивтік технологиялар туралы білгісі келетін жандарға арналған. Мұнда бедеуліктің себебін білгісі келген ерлі-зайыптылар білікті мамандарға сұрақ қойып, жауап ала алады.

Онда акушер-гинеколог, репродуктолог, эмбриолог, уролог дәрігерлер жұмыс істейді.

Алғашқы сабақ «Бедеулік: себептері, диагностика түрлері мен шешу жолдары» тақырыбына бойынша өтеді. ЭКҰ мектебі - бедеулікті сауатты жолмен емдеуге бағытталған. Мектеп отырысына қатысу тегін, оға ЭКҰ туралы білгісі келетін кез-келген жан қатыса алады. ЭКҰ мектебіне 8(7112)-70-14-31 телефоны арқылы алдын ала жазылуға болады.

Соңғы жаңалықтар