Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының басшылары тағайындалды

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – Астанада өткен «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысында «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» бас директоры болып Томас Дженке, операциялық қызметтер жөніндегі директоры болып Эдда Фишер, қаржы және экономика жөніндегі директоры болып Алау Ахметжанов сайланды,

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының басшылары тағайындалды
деп хабарлайды ҚазАқпаратқа холдингтің баспасөз қызметі.Томас Дженке 1949 жылы туған, 1975 жылы Вена қаласындағы экономика университетін, 1991 жылы Лондон қаласындағы гигиена институтын бітірген. Т.Дженке Венадағы Неврологиялық оңалту орталығының атқарушы директоры қызметін атқарды. 38 жастағы Эдда Фишер 1996 жылы Вена университетін бітірген, 2001 жылы Австрия тексерушілер институтын, 2005 жылы Денсаулық сақтау мансаптық халықаралық мектебін бітірген. Бүгінгі күнге дейін Э.Фишер Вена қаласындағы Vamed компаниясында аға менеджер қызметін атқарды.Алау Ахмеджанов 1981 жылы туған. 2003 жылы КИМЭП-ті (Қазақстан менеджмент, экономика және құқық институты), 2006 жылы Оксфорд университетін бітірген. ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторингі бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.