Ана сүтімен қоректенген бала өскен соң жұмыста жетістікке жетеді

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Егер балаға емшек емізсе, ана сүті баланың интеллектуалды дамуына жағымды әсер ететін болғандықтан, оның мансапқа ойдағыдай жетуіне барлық мүмкіндіктері бар, деп хабарлады ресейлік "Жаңалықтар" ақпараттық агенттігі Лондон Университеті колледжінің зерттеулеріне сілтеме жасап.

Ана сүтімен қоректенген бала өскен соң жұмыста жетістікке жетеді

Ғалымдар 1958 жылы туған 17400-ден астам адамның және 1970 жылы туған 16700-ден астам адамның өміріне талдау жасап, олардың әлеуметтік мәртебесін салыстырды. Сондай-ақ, зерттеушілер сыналып отырғандардың өмір сүрген алғашқы жылдарындағы тамақтануын, интеллектуалды қабілеттерін және сабырлылығын бағалады. Нәтижесінде, келесі заңдылық анықталды: 1958 жылы 68% ана емшек емізген, ал 1970 жылы - 36% ғана. Ана сүтімен қоректенген баланың мансапқа жетуі жиі кездескен.

Сәйкесінше, емшек емізу әлеуметтік сатымен жоғарылау ықтималдығын 24%-ға арттырады және әлеуметтік құлдырау тәуекелін 20%-ға төмендетеді. Зияткерлік қабілеті ерекше және сабырлы адамдар көбіне ана сүтімен қоректенген.