22:00, 14 Тамыз 2020 | GMT +5
Анадолы агенттігі ҚазАқпаратты ғасырлық мерейтойымен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның «Анадолы» агенттігі Басқарма Төрағасы және Бас директоры Шенол Казанджи ҚазАқпарат ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Анадолы» агенттігі мен «ҚазАқпарат» - құрдас, екеуі де бір жылда құрылған. Біздің ақпарат агенттіктеріміз дәл 100 жыл бұрынғыдай қоғамға қызмет етуде шешуші рөл атқарады. Елімізді танытатын алдыңғы қатарлы ақпарат агенттіктері ретінде «ҚазАқпарат» пен «Анадолы» агенттігі арасындағы екіжақты серіктестік пен халықаралық форумдардағы жан-жақты қарым-қатынас жалғасын табатынына сенімдімін», - делінген құттықтау мәтінінде.