Аналар кеңесі Қазақстанда педиатрия институтын жандандыруды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева Астанада Қазақстан xалқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің отырысында қазақстандық медицинада педиатрия институтын жандандыруды ұсынды.
"Бізде ондай мамандар тапшы болғанына қарамастан, педиатрия факультеттерін жапқанымызға жол болсын. Жалпы тәжірибеге ие дәрігерлер бар деп сылтауратамыз. Аналар кеңесінде педиатрия факультеттерін қайта жандандыруды ұсынайық. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі әлемдік тәжірибе бойынша дамытуды шешті. Жалпы тәжірибе дәрігерлері бар. Кейін олар белгілі бір мамандықтарды таңдайды, егер біреу педиатр болғысы келсе, тағы екі жыл оқиды", - деді депутат.
З. Балиева осы тұрғыда өзіміздің дара жолымызды қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, балалар ересек аурулармен бір бөлмеде емделмеулері шарт.
"Біз әлемдік тәжірибемен емес, өзіміздің модельмен жүрейік. Олар 5-7 жыл педиатрияға маманданып, тағы екі жыл жалпы дәрігерлікке оқысын. Себебі педиатр ересек адамдарды да жаза алады, ал терапевт баланы емдей алмайды", - дейді ол.
Депутат аталмыш сұрақты қазан айында Премьер-Министрдің қатысуымен болатын талқылауда Аналар кеңесі атынан көтеретінін айтты. Бұл ұсыныс аналар кеңесінде қызу қолдауға ие болды.