Анандидің рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ көрерменіне "Келін" телехикаясынан жақсы таныс Пратюша Банерджи көз жұмды. Бұл туралы hurriyet.com.tr сайтына сілтемемен baistars.kz хабарлайды.
None
None

Үнді актрисасының өлі денесі өз үйінен табылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 24 жастағы Банерджи үйінің шатырында асылып қалған. Associated Pressтің мәліметінше, актрисаның қаза болу себебі тергеу жұмыстары аяқталған соң белгілі болады.

Полоция қызметкері Судхир Бутер актрисаның достары мен көршілерінен жауап  алып жатқандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар