Анар Жайылғанова агенттік төрағасы лауазымынан босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Анар Жайылғанова агенттік төрағасы лауазымынан босатылды

Еске сала кетсек, Дархан Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды.