Анастасия Городко фристайл-могулдан үш дүркін әлем чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.
Ол параллельді могулда үздік атанды. Ақтық сында Городко америкалық Риз Чапделайнді жеңді.
Қола жүлдеге Эбби Макларнон (АҚШ) ие болды.
Бұған қоса, бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған еді.
Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде иеленді: параллельді могулда жеңіске жетіп, жекелей есепте және аралас командалық сында екінші орын алды. Сондай-ақ, 2024 жылғы әлем чемпионатында ол могул бойынша бірінші, ал параллельді могулда екінші орын алған еді.
Қазақстан фристайл-могулдан әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алғанын жазған болатынбыз.