Анастасия Усольцева «Өскемен аруы - 2016»

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Өскемен аруы - 2016» байқауы мәресіне жетті. Жеңімпаз тәжін 19 жастағы Анастасия Усольцева иеленді, ол енді еліміздің аруы атану үшін басты байқауда бағын сынап көреді, деп хабарлайды YK-news.kz.

 Анастасия Усольцева «Өскемен аруы - 2016»

«Өскемен аруы - 2016» байқауына 12 бойжеткен сайысты. Шара аруларды таныстырудан басталды. Бұдан соң бойжеткендер өздері жасаған көйлектерімен сахнаға шықты. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі - киімді қыздар матадан басқа кез келген материалдан жасау тиіс болатын. Қатысушылар костюмдерін картон, полиэтилен пакет және қағаздан жасады.

Ақтық сынның алдында арулар көпшілік алдына қазақша көйлек киіп шықты.

Іс-шара сахнаның соңғы кезеңінде олар ерекше кешкі көйлектермен дефиле өткізді.

Нәтижесінде сайыстың «Өскемен вице аруы - 2016» бірінші атағын Ай-дана Мамутханова алды, екінші орында  «Өскемен вице аруы - 2016»  Жаннұр Рамазанова. Байқау жеңімпазы және «Өскемен аруы - 2016» атағы 19 жастағы студент Анастасия Усольцеваға бұйырды. Ол енді желтоқсан айында өткізілетін «Қазақстан аруы - 2016» республикалық байқауына облыс атынан қатысады.