Анасы 7 жасар ауру қызын өлтіріп, азаптан құтқармақ болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангалораның тұрғыны Свати Саркар өзінің 7 жасар ауру қызын шатырдан лақтырып жіберді деп жазады The Sun.
None
None

Шатырдан құлап, мерт болған Айшикидің әкесі, өзінің бұрынғы әйелі Свати психологиялық ауруға шалдыққандығын айтты. Ауруы ұстаған кезде ол не істегенін білмей, ақылға қонбайтын әрекеттерге барады екен.

7 жастағы Айшики сөйлей алмағандықтан мектепке бармаған. Әкесі айына бір рет келіп, алимент төлеп тұрған.

Полиция бөлімінде, қыздың анасы психологиялық ауруға шалдыққан баласын құтқарғысы келгендігін айтқан. Ол бірінші қызын өлтіріп, сосын өз-өзіне қол салмақ болған. Алайда оған үлгермей қалған.

Соңғы жаңалықтар