Анасы мен әйелін өлтірген күдікті Өзбекстанда туған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында анасы мен әйелін өлтірген күдікті Өзбекстаннан көшіп келгені анықталды. Бұл туралы Облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  
None
None

Полицейлердің мәліметінше, Шұбарсу ауылында 52 жастағы анасы мен 23 жастағы әйелін бақилық еткен күдікті 1990 жылы Өзбекстанда туған.

«Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер екі адамның мәйітін анықтады. Күдікті өзінің 23 жастағы жұбайына және өзімен бірге тұратын 52 жастағы анасына қастандық жасаған. Аталған жайт негізінде адам өлтіру жайты бойынша СДТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті қамауда», - делінген хабарламада.   

Айта кетейік, қайғылы оқиға 23 ақпан күні Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында болған еді. 

Соңғы жаңалықтар