Анасын 3 баласымен қағып кеткен жүргізушіге қатысты іс қозғалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы үш баласы мен анасы жапа шеккен жол апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Еске сала кетейік, Алматыда джип жол шетіндегі үш бала мен әйелді қағып кеткендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

«33 жастағы «Тойота Хайландер» жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен келе жатып, БМВ көлігіне жол бермей өтіп кетпек болған. Соның кесірінен көліктер соғылып, Тойота көлігі инерциямен жол шетіндегі бетон қоршауға соғылып тоқтады. Көліктің артқы бөлігі жол шетіндегі әйел мен оның үш баласын қоршауға соғады. Айта кету керек, бұл дерек ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі тізіліміне тіркелді», - деді Алматы ІІД анықтау бөлімі басшысының орынбасары Олжас Шәріпов.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 6 жастағы бала қазір әл үстінде жатыр. 3 және 8 жастағы балалар нейрохирургия бөлімінде жатыр. Олардың жағдайын дәрігерлер орта деңгейде деп бағалап отыр.

33 жастағы әйел де бас жарақатымен Шұғыл көмек көрсету ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар