Анасын балағаттаған семейлік түрмеге қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде арақтың қызуымен туған анасын балағаттаған ер адам 7 күнге темір торға қамалды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Анасын балағаттаған семейлік түрмеге қамалды

Кінәлі деп танылған азаматқа бір жылдың ішінде полиция бөлімшесіне бірнеше арыз-шағым келіп түскен екен. Осы ретте оған тәртіп сақшылары тарапынан талай рет ескерту жасалыпты. Алайда ол бірде-бір сөзге құлақ аспаған.

Айта кетейік, енді осыдан былай құқық бұзушы алты ай көлемінде анасымен көріспейтін болады. Зәбір көрушінің қауіпсіздігін ескерген судья осындай шешім қабылдады.