Анасын балғамен ұрып өлтірген қызылордалыққа үкім шықты
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің анасын балғамен ұрып өлтірген 26 жастағы жігітке үкім шығарды. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен айып тағылған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғандай, айыпталушы сол күні жиен інісімен, одан кейін көршісімен ішімдік ішкен. Олардың екеуі де үйлеріне кетіп қалған. Бұл кезде жігіттің екінші топтағы мүгедек анасы ұйықтап жатқан. Сотталушы анасының басы, кеуде тұсынан бірнеше мәрте балғамен ұрып, аяғымен тепкілеген. Ауыр жарақат алған әйел сол жерде көз жұмған.
Ол Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.
Әділет ҚАҢТАРБАЕВ