Анасын іздеген боливиялық бала жүк көлігімен мың шақырымды жүріп өтті
АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - 10 жасар боливиялық бала анасын іздеп жүк көлігімен мың шақырымды жүріп өтті, деп хабарлады сәрсенбіде жергілікті БАҚ.
"Балақай Оруро қаласындағы әкесінің үйінен қашып шығып, анасы темір торда жазасын өтеген Кочабамбаға дейін баруды ниет етеді. Алайда қателесіп, Чилиге бара жатқан жүк көлігіне мініп алған. Ол құрал-сайманға арналған жәшіктің ішінде екі тәулікті ас-сусыз өткізеді. Кейін оны Чили қалашығынан бір әйел тауып алып, тамақтандырған. Бала сол жерден бастап одан сұхбат алған Чили телеарнасының басты жаңалықтарының біріне айналады", - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Кейін белгілі болғандай, оның анасы бір ай бұрын бостандыққа шығып, аздап ақша табу үшін дала жұмыстарына кеткен екен. Есесіне Чили баспасөзінің назары оның баласына ауып, болған оқиғалар олардың қайта қауышуына көмектесті.