Анасын өлтіріп, денесін бұтарлап тастаған бойжеткен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия полициясы Бали аралындағы қонақ үйлердің бірінен денесі бөлшектеліп, шабаданға салынған АҚШ-тық әйелдің мәйітін тапты, деп жазады 24.kz.

Анасын өлтіріп, денесін бұтарлап тастаған бойжеткен ұсталды

Жан түршігерлік қылмысқа күдікті ретінде 62 жастағы марқұмның 19 жастағы қызы мен оның 21 жасар досы ұсталды. Полицейлердің айтуынша, жастар қонақүйге такси шақырып, шабаданды көліктің артына салған. Осыдан кейін жүргүзушіден сәл күте тұруын сұрап, сол жерден ізін суытқан.

Бірқатар сараптама жұмысынан кейін мамандар әйелдің өлім алдында бірнеше дене жарақатын алғанын анықтады. Қонақүйдегі бейнебақылаудың бірінде марқұмның 21 жастағы жігітпен келіспей қалып, ұрысқан кезі түсіп қалған.

Қазірге күдіктілер тағылған айыпты мойындамай отыр. Оған қоса Чикаго полицисы анасы мен қызы тұрған үйге 2004-2013 жылдар аралығында 86 рет шақыру алғандарын жеткізді. Таныстарының айтуынша, екеуінің қарым-қатынасы өте нашар болған.