Анасына қол көтерген қостанайлық қамауға алынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты 1966 жылы туған азаматқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қала тұрғыны И. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 73-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айында азамат И. өз үйінде бірнеше рет ұрыс шығарып, анасын балағаттап, ұрып-соққан.

Сот отырысында И. өз кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысымен оған 17 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Азаматтың іс-әрекетіне қатаң бақылау қойылып, оған үш айдан алты айға дейінгі анасымен кездесуге тыйым салынды. Сонымен қатар И. әр айдың 1,10,30 күндері учаскелік инспекторға келіп тұруға міндетті.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар