Анд тауында тікұшақ құлап, үш адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилилік Андта тікұшақ құлап, үш адам ажал құшты, солардың ішінде Чилидің Жапониядағы бұрынғы елшісі бар. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Анд тауында тікұшақ құлап, үш адам ажал құшты

Апат сенбі күні таңертең Чилидің астанасы Саньтьягодан оңтүстікке қарай 570 шақырым жерде орын алды.

Франс Пресс агенттігі хабарлағандай, тікұшақта төрт адам болған. Біреуі тікұшақ құлағанға дейін одан секіріп аман қалды. Құтқарушылар оқиға орнына келген соң, ол ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың мәйіттері оқиға орнынан бірнеше сағаттан кейін алынды.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүруде.