16:27, 10 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Андорра - Қазақстан матчын қайдан көруге болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Андоррамен ойнайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы аталған турнирдің D лигасының бірінші тобында Грузия, Латвия және Андорра құрамаларымен ойнайды. Бірінші турда қазақстандықтар өз алаңында Грузияға 0:2 есебімен жол берген, ал Латвия-Андорра кездесуінде гол соғылмаған болатын. Кеше грузиялықтар Латвияны бір гол айырмасымен ұтып, топтың айқын көшбасшысы болды.
Матч Андоррада Астана уақытымен 11 қыркүйекке қараған түнде, 00:45-те басталады. Онда Вильяльмюр Тораринссон басшылығындағы исландиялық төрешілер бригадасы қазылық етеді. Лайнсмендер - Йоханн Гудмундссон және Биркир Сигурдарсон.
Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Фото: kff.kz