Андраде мен Акавов әлем чемпионы титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Деметриус Андраде (26-0, 16 КО) мен ресейлік Артур Акавов (19-2, 8 КО) жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Андраде мен Акавов әлем чемпионы титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеді

Екі боксшы да орта салмақ дәрежесінде белгіленген лимиттен (160 фунт) асқан жоқ: Андраде 159,8 фунтты, Акавов - 160 фунты көрсетті.

Андраде - Акавов жекпе-жегі 19 қаңтар таңертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Еске салайық, Деметриус Андраде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ол өз титулын қорғайтын болады

Осы дивизионда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) өнер көрсетеді. Ол былтыр WBO-дан басқа барлық белбеулерді иемденген болатын.