Андраде Жәнібек Әлімханұлымен айқастан бас тартса, чемпиондық титулынан айырылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен айқасқа шығудан бас тартса, Дүниежүзілік бокс ұйымының тарапынан санкция салынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін WBO екеуінің жекпе-жегін 15 қаңтар күні Пуэрто-Рикодағы ұйымның бас кеңсесінде өтетін промоутерлік саудаға шығарды. Бұған дейін екі жаққа келіссөз жүргізуге 20 күн берілген еді.

Badlefthook.com сайтының хабарлауынша, Андраде Әлімханұлымен айқасудан бас тартса, WBO боксшыны титулынан айырып, оны бос деп жариялауы немесе Деметриустың қатысуынсыз «уақытша» титулға жекпе-жек жариялауы мүмкін.

Бұдан бұрын америкалықтың промоутері Эдди Хирн қарауындағы боксшыға WBC титулының иегері Джермалл Чарломен біріктіруші айқас өткізгісі келетіні туралы мәлімдеген.


Соңғы жаңалықтар