Андре Розье: Егер Головкин тек соққы жасаймын, оған жауап болмайды десе, қатты қателеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы Дэнни Джейкобстың бапкері Андре Розьенің пікірінше, WBA/WBC/IBF чемпионы Геннадий Головкин америкалықтың күшін қате бағалауда.
«Дэнни бұл айқасқа дайын болады. Оның нокаутынан тек үш адам ғана құтылған. Дэнни - өте шапшаң панчер. Егер Головкин соққы бергеннен кейін оған қарымта жауап алмаймын деп ойласа, қатты қателеседі. Барлығы басталмай жатып бітуі мүмкін. Дэнни алты жыл бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда керемет боксшы. Соққылары да тегеурінді. Головкин ұдайы бір нәрсені қайталай береді. Ол сізге - қысым жасау. Соққы жасайды, өзіне де өткізеді. Егер соға берсе, сауыт шытынайды емес пе. 18 наурыз күні ол сынады», - деген Розьенің сөзін келтіреді Boxing News 24.