Андре Уорд командасы Геннадий Головкинмен биыл күзде жекпе-жек ұйымдастырмақ
Оның ақпаратына сәйкес, Уорд Головкинмен аралық салмақта кездесуге құлықты. Содан кейiн америкалық боксшы 175 фунтқа көтерiлiп, IBF/WBA/WBO чемпионы Сергей Ковалевпен шықпақ.
«Бүгiн маған Уордтың командасы Головкинмен күзде шығуды жоспарлап отырғандықтарын айтты. Кейiн Ковалевке қарсы жекпе-жек жасамақ, бұл заңды да», - дедi Рафаэль ESPN-дегi өзiнiң чатында.
- Уорд жартылай ауыр салмаққа өтiп, кейiн GGG-ға қайта түсуге мүдделi емес. Егер Головкинмен барлығы жақсы өтсе, 175 фунтқа көтерiледi».
Айта кетейiк, бұның алдында Геннадий Головкин Андре Уордпен 164 фунт салмақта кездесуге дайынмын деген болатын. Оның үстiне қаржылай пайданы «50 де 50» етiп бөлген қисынды деп атап өткен.
Сонымен қатар, Андре Уордпен арадағы жекпе-жек бокс үшiн нөмiрi бiрiншi оқиға болатындығын айтты. Әзiрге тараптар бұл кездесудiң өтетiнi жайлы ресми хабар таратқан жоқ.