Андре Уорд ұпай саны бойынша Сергей Ковалевтен басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінің басты кездесуі жартылай ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уордтың (30-0, 15 КО) жекпе-жегі болды, деп жазады Sports.kz.

Андре Уорд ұпай саны бойынша Сергей Ковалевтен басым түсті

Кездесу қорытындысы бойынша ұпай санымен Уорд жеңіске жетіп, WBA Super, IBF, WBO нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чемпиона атағына қол жеткізді.

Ковалёвтың бұл кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісі.

Еске сала кетейік, бұл кеште қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов алғаш рет кәсіпқой бокстың шаршы алаңына шығып, америкалық қарсыласы Генри Бекфорды тізе бүктірді.