Андрес Иньеста Испанияда жыл спортшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста бұл атақ жолында «Чикаго Буллз» баскетболшысы По Газоль мен мотошабандоз Хорхе Лоренцоны басып озған. Сыйлық Каталонияда өткен салтанатты кеште табысталды, деп хабарлады 24.kz.

Андрес Иньеста Испанияда жыл спортшысы атанды

Ал қыздар арасында мұндай атаққа мототриалдан әлем чемпионы Лайя Санс лайық деп танылды.

«Маған дауыс берген адамдардың барлығына алғысым шексіз. Бұл сыйлық жетістігіме, маған сенген жанкүйерлерге арналады. Ол - атқарылған жұмысымыздың нәтижесі. Өткен жыл ғажайыпқа толы болды», - деді 31 жастағы жартылай қорғаушы.