Андрей Аршавин «Қайрат» туралы кітап жазып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев «Қайраттың» легионері Андрей Аршавин аталмыш футбол клубы туралы кітап жазып жатқанын айтты. Ресейлік футболшы алматылық клубта 2016 жылдың наурызынан бері өнер көрсетіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Андрей Аршавин «Қайрат» туралы кітап жазып жатыр

Талғат Қалиев бұл жаңалықпен өзінің Телеграмм-каналында бөлісті.

Бұдан кейін, саясаттанушының ақпаратын журналист, футбол шолушысы Петр Воликов растады.

«Андрей Аршавин жазушы ретінде өзін жаңа кәсіпте сынап көруде. Ол «Қайрат» туралы кітап жазып жатыр», - деді журналист.

Еске салайық, футболшы 2016 жылдан бері алматылық клубта ойнайды.  «Наш футбол.kz» бағдарламасының жүргізушісі Петр Воликов дебюттік маусымның басында Аршавиннің Қазақстан чемпионатында 8 гол соғатынына күмәнданған еді. Андрей Аршавин бәстен жеңіп, журналистің шашын өзі тақыр етіп алып тастаған болатын.