Андрей Аршавин: Спорттағы мансабымды Қазақстанда аяқтағаныма өкінбеймін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей құрамасы мен «Қайрат» командасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин ресейлік тілшіге берген сұхбатында спорттағы мансабымен қоштасу туралы шешімге қалай келгенін айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» ХАА.
None
None

«Спорттағы карьерамды Ресейде тоқтату туралы ой менде болған жоқ. Керісінше, мен оны Қазақстанда аяқтадым. Осы елде керемет деуге тұрарлық үш жыл уақытымды өткіздім. Англиядан кететін кезде футболды қою туралы ойлаған едім. Мұндай ой маған «Зенит» және «Кубань» командаларына ойнап жүрген кезде де келді. Көптеген адамдар маған әлі ойнау тұруға кеңес берді, десе де маған ерте ме, кеш пе, кету керек болатынын түсіндім. Жазда мен «Қайрат» командасының президентімен кездесіп, біз клубтың болашағын талқыладық. Егер мен оның орнында болсам мен сияқтылармен келісімшарт жасамас едім деген ойымды айттым. Ол менің сөзіме құлақ асқан сияқты»,-деді Аршавин ресейлік спорт тілшісі Илья Козаковқа «Foot'больные люди» атты бағдарлама барысында.

Соңғы жаңалықтар