Андрей Аршавинге Ресейден шығуға тыйым салынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Ресей құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының бұрынғы шабуылшысы Андрей Аршавин алименттен қарыз болуына байланысты РФ аумағынан шығуына тыйым салынды, деп хабарлайды Sports.kz порталы Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.
«Аршавин әйелі Алиса Казьминаға шамамен 1,5 миллион рубль төлеуі тиіс. Олар ажырасу үстінде», - делінген хабарламада.
Аршавин мен Казьмина 2016 жылдың күзінде шаңырақ көтерген, ал 2017 жылдың ақпанында олардың қызы Есеня дүниеге келген.
Еске сала кетейік, Андрей Аршавин 2016-2018 жылдар аралығында «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, 84 ойында 24 гол соққан.