Андрей Аршавиннің жаңа туған нәрестесі ұл емес қыз болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футболшысы Андрей Аравшиннің әйелі Алиса Instagram-дағы өзінің парақшасында қыз туғанын хабарлады. Бұдан бұрын аталмыш жұпта ер бала дүниеге келгені туралы айтылған, деп хабарлады Sports.kz.

Андрей Аршавиннің жаңа туған нәрестесі ұл емес қыз болып шықты

Желіде футболшы Арашавиннің төртінші баласын ұл-қыз деп шатастырған деректер таралып кетті. Бастапқыда жұбайы спортшыға ер бала сыйлағаны хабарланған. Бұл туралы ақпанның басында клубтағы Андрейдің қызметтестері айтқан.

Он күннен кейін нәрестенің анасы әлеуметтік желіге қыз туғанын жариялады. Әйелінің айтуынша, ол перзентін 2017 жылғы 11 ақпанда босанған.

Андрей Аравшиннің қызметтестері оны он күн бұрын неге құттықтағаны белгісіз күйінде қалды. Баланың дүниеге келуіне көбірек назар аударту үшін мұны ата-аналарының өздері ойластырған болуы мүмкін.