Андрей Фендриков қазақстандықтарды бірлік күнімен айрықша құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық домбырашы Андрей Фендриков қазақстандықтарды бірлік күнімен айрықша құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын! С днем дружбы народов! Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді!», - деп жазды ол өзінің Фейсбукте жүктеген видеоролигіне.

Андрей Фендриков әлеуметтік желіде Ақын Ақыныч деген никпен танымал. Ол әлеуметтік желіге жариялаған әрбір видеоролигінің соңында «Барлығына домбыра» деп айтуымен талайдың есінде қалған еді.

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің басты мерекесіне айналдыру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын.

«Көктемгі 1 мамыр мерекесі біздің елдегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсуі тиіс. Бұл біздің туған Қазақстанымыздағы 20 жылда құрған негізгі мерекеміз болады. Бірінші мамыр - бірліктің ерекше мерекесі. Сондықтан да, мамырда тұтас ай бойы жақындасудың барлық жаңа жолдарын байқап көру керек. Ал тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайтынына қазіргі жер жаһанда орын алып жатқан мысалдар жеткілікті. Сондықтан да, бірлікті ту еткен еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін басты мерекелердің біріне айналдыруды қолдап келеді. Жұмыс істеу қажет. Егер барлық облыстарда тереңінен ойластырса, өте қызықты шаралар жүзеге асатын болады әрі мұның елге пайдасы да зор », - деген еді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар