Андрей Голубев ATP Challenger турнирінің жұптық сынында топ жарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Андрей Голубев ATP Challenger аясындағы «L'Aquila challenger» халықаралық турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Андрей Голубев ATP Challenger  турнирінің жұптық сынында топ жарды

Уругвайлық Ариэль Бехармен бірлескен Андрей Голубев финалда франциялық Хьюго Гастон/ Эллиот Беншетрит жұбынан басым түсті.

Тартысқа толы кездесу 6:4, 6:2 есебімен аяқталған.