17:43, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Андрей Голубев Куала-Лумпурде өтіп жатқан АРТ сериясының турнирінде екінші айналымға шықты
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев бұл күндері Куала-Лумпурде өтіп жатқан АТР сериясының турнирінде екінші айналымға шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясынан.
Әзірге АТР рейтингінде 41-ші орында тұрған Андрей Голубев бірінші кездесуде қытайлық Тайпейдің өкілі Лю Йен-Хсунды 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Енді қазақстандық спортшы АТР рейтингінде 64-ші орында тұрған оңтүстікафрикалық Кевин Андерсонмен кездеседі.
Куала-Лумпур турнирінің жүлделік қоры 850 мың долларды құрайды.