Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстандық спортшы нидерландылық Робин Хасемен бірге екінші айналымда осы «Үлкен дулыға» жарысының 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей - бразилиялық Бруно Соареспен кездесті.

Қазақстандық-нидерландылық жұп 6:7 (3:7), 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты өткен бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

А.Голубев пен Р.Хасе ширек финалға шығу үшін италиялық Симоне Болелли - аргентиналық Максимо Гонсалеспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Уимблдон турнирінде жұптық сынды жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Ал Александр Бублик бүгін төртінші айналымға шыға алмады.