Андрей Гривко «Жерорта теңізі турының» жеңімпазы атанды - велоспорт

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпкүндік «Жерорта теңізі туры» мәресіне жетті, деп хабарлайды sports.kz.
None
None

Соңғы кезеңнің жеңімпазы - «AG2R» командасындағы бельгиялық Ян Беклантс. Екінші болып мәре сызығын «Cofidis» велошабандозы француз Арнольд Жаннессон қиып өтті. Оның жерлесі FDJ командасының мүшесі Александр Женье - үшінші орында.

«Астананың» велошабандозы Андрей Гривко ақтық кезеңде оныншы келді, әрі жалпы есепте бірінші орынға тұрақтады. Эрос Капекки 17-ші, Андрей Зейц - 22-ші, Бақтияр Қожатаев - 52-ші, Даниил Фоминых - 57-ші орында.

«Жерорта теңізі туры». Төртінші кезең.
Bordighera - Bordighera. 126 км

1. Ян Беклантс (Бельгия, «AG2R») - 2:37:38
2. Арнольд Жаннессон (Франция, «Cofidis») - +0:02
3. Александр Женье (Франция, FDJ)

10. Андрей Гривко (Украина, «Астана») - +0:08
17. Эрос Капекк (Италия, «Астана») - +0:32
22. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - +1:19
52. Бахтияр Кожатаев (Қазақстан, «Астана») - +4:45
57. Даниил Фоминых (Қазақстан, «Астана») - +5:42

Жалпы есепте:

1. Андрей Гривко (Украина, «Астана») - 11:21:27
2. Матьё Ладанью (Франция, FDJ) - +0:18
3. Ян Беклантс (Бельгия, «AG2R») - +0:32

11. Эрос Капекк (Италия, «Астана») - +1:55
25. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - +6:56
28. Даниил Фоминых (Қазақстан, «Астана») - +8:03
48. Бахтияр Кожатаев (Қазақстан, «Астана») - +17:31.

Соңғы жаңалықтар